@zhuldyzabdukarimovaofficial

Жулдыз Абдукаримова

Kazakhstan

Instagram posts and videos uploaded by zhuldyzabdukarimovaofficial

zhuldyzabdukarimovaofficial

Өмір деген ұзақ жол. Ал біз мұнда мәңгілік емеспіз. Шыдай түс, Жолаушы🛤🌌 Video: @Seydazimoff Photo: @tastik_s Make by: @aizhan_vizaj Hair: @ali_alisher_01

January 22, 2022

zhuldyzabdukarimovaofficial

Өзіңдікі суы да, орманы да, Өзіңдікі көлі де, қорғаны да. Өзіңдікі үйлері, бақтары да, Өзіңдікі көшесі, жолдары да. Бар бақыты сенікі болғаннан соң Қайғысы да сенікі болғаны да. ©️Күләш Ахметова {Поэзияны жүктеп алу үшін, телеграм каналыма қалдырдым. Сілтеме био-да}

January 21, 2022

zhuldyzabdukarimovaofficial

Жақынымды жоғалтқандай күйдемін… Төлеубек Аралбай ағайым келместің кемесіне мініпті… 😭 Әлі есімде, студент кезімізде өзгелерден қарағанда менен көөп талап ететін. Рөлдерді жақсы сомдап шығуға тырысқан сайын сын айтатын. Мені ағай жеккөреді, не істесем де жақпаймын деген ой пайда болып, сағым сына бастағанда шақырып алып: “Менің талап еткенім - сені жеккөргендіктен емес, потенциалыңның мол екенін көріп, соны шығарғым келгендіктен. Жарайсың, сынып кеткен жоқсың”, - деп жұбатып, жігерлендіріп жіберетін. Керек кезде қатал да бола білетін, керек кезінде орнымен ойнап күлдіріп те алатын. Актерлік шеберліктің фундаментін қалап кеткен ағайларымның бірі - Байтен Омаров болса, екіншісі - Төлеубек Аралбай ағай. Бүгін жаңалықтардан қайтыс болғанын естіп, есеңгіреп қалдым. Студент кезде айтқан сөздері күні кеше болғандай, дауысы құлағыма орала берді…. Тірі кезінде алдына барып алғысымды айтып та үлгермеген екем… Алла алдыңыздан жарылқасын, АҒАЙ 🖤🤲

January 20, 2022

zhuldyzabdukarimovaofficial

Әкем ешқашан туған күнін атап өткен адам емес. Бүгін де хабарласып, тілегімді айтып жатсам, “Еліміз аман болсын, халық тыныш болсын!” деп телефонның ар жағынан тілеп жатыр. Мен әрқашан әкемнің жанында өзімді Ұлы Қытай қорғанының артында тұрғандай сезінетінмін. Себебі, тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсіріп, қорғап келді. Бірақ біз әкемізге қарап “Мен сізді өмірден артық жақсы көрем!” деп айта алмаймыз. Себебі неге екенін білмеймін “Ұят”. Бірақ кешегідей қақтығыста жақындарымыздан бір сәтте жырақтап қалдық. Сондықтан кеш болмай тұрғанда: “Әке, мен сізді шексіз жақсы көрем! Өмірімсіз! Алдыңызда кеткен қатем болса, кешірім сұраймын” деп айтқым келеді! Туған күніңізбен, АСЫЛЫМ, Асқар тауым❤️

January 15, 2022

zhuldyzabdukarimovaofficial

Туған күніне құттықтауды гүлсіз-ақ қабылдайтын ТАУ ТҰЛҒА, Дінмұхаммед Ахметұлына 110 жыл🇰🇿 Қазақ елінің нағыз көшбасшысы болған тұлға. Ұлдарыма үлгі ететін бірден бір жан осы кісі🇰🇿❤️ “Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда! Мен Тәңірі сыйға тартқан біраз жасқа келдім. Жақсыны да көрдім, жан ауыртқан күндерді де бастан кештім. Ол менің ғұмырым, бірақ, бұл өмірді халықтан бөле жара қараған емеспін. Бозбала шағымда қара бастың қам-қарекеті болса болған шығар, бірақ ат жалын тартып мінген азамат кезден алдыма қойған бар арман, бар мақсат елмен еншілес болды, халқым. Саған қалтқысыз қызмет еттім, аманатыңа адал болдым, соңғы демім таусылғанша еліме, жеріме қызмет етуден танбаймын. Менің тірі пендеге өкпем жоқ, ал менде кеткен өкпе-наз болса, ақ басымды иіп, мың қайтара кешірім сұраймын” ©️ Дінмұхаммед Қонаев

January 12, 2022

zhuldyzabdukarimovaofficial

Ел іргесі сөгілмесін🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Мың бояулы Алматымыз қайта бүр атып, гүлденсін🌸🏔Жарқын өміріміз қайта жандансын🤲 Президенттің бүгінгі жолдауы қайта үміт жаққандай. Құдай күш-қуат берсін🇰🇿

January 11, 2022

zhuldyzabdukarimovaofficial

Бізді #Бейбітшілік деген бір мақсат біріктіреді🕊 Бізді #Қазақстан деген бір Отан біріктіреді🇰🇿 “Ел аман, жұрт тыныш болсын” деген сөздің расында төркінін түсіндік❤️🇰🇿 Сындарлы сәтте сағымызды сындырмай, Президентімізді қолдайық. “Қазақстан - жалғыз ұлы ҚАЗАҚТЫҢ” 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

January 08, 2022

zhuldyzabdukarimovaofficial

Иә, Раббым, Елімді жаудың көзінен, жаманның сөзінен сақтағайсың🤲🇰🇿

January 07, 2022

zhuldyzabdukarimovaofficial

Жаңа жыл жақсылығымен келсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын🤲 Жамандық бізден айналып өтсін. Кредит пен ысырабымыз азайып, сауабымыз бен берекеміз көбейсін🤲 Жаман індет жер бетінен жойылып, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған мамыражай жыл болғай🤲 Отбасымыз аман, ортамыз толы болсын! Осындай сансыз нығыметтерін жолдаған, тағы бір жаңа жылдың ақ таңын атыруды бұйырған Аллаға сансыз мадақтар мен шүкірлер болсын🤲

January 01, 2022

zhuldyzabdukarimovaofficial

2021 жылдағы соңғы жазбамды жақсы жаңалықпен аяқтайын☺️ Жаңа жылдан бастап 7 арнаның таңғы эфиріндегі @oqazaqstan жобасының жүргізушісі атандым. Енді әр таңды тікелей эфирде сіз бен біз боп қарсы аламыз🥰 Өткен жылға өкпем жоқ, жаңа жыл баршамызға жемісті, жеңісті болғай🤲 #әрбіртаңмүмкіндік: #өзгеруге #өзгертуге ОЯН, QAZAQSTAN! #оянqazaqstan#oyanqazastan#zhetinshiarna

December 31, 2021

zhuldyzabdukarimovaofficial

Кірлетіп алмас үшін жүректі мен кейде жасырып қоям…❄️🕊 photographer: @tastik_s dress by @astana_la_mariee

December 30, 2021

zhuldyzabdukarimovaofficial

“😳 Жаңа жыл кеп қалды ма?” деп тұр Алаудың күшігі😁🎄☃️

December 30, 2021

Similar accounts

justking31

6.8m followers

@justking31
aidyn_nury

4.2m followers

@aidyn_nury
sadvakasovamadina

4.1m followers

@sadvakasovamadina
oksukpaevak

3.8m followers

@oksukpaevak
eldos_kalabok

3.2m followers

@eldos_kalabok
zheka_fatbelly

3m followers

@zheka_fatbelly
territima

2.9m followers

@territima
dana_yesseyeva

2.8m followers

@dana_yesseyeva
djurinskaya

2.7m followers

@djurinskaya

Disclaimer

The data provides is not authorized by TikTok. We are not an official partner of TikTok.

Use of materials from the resource is permitted only with a link to our resource.

Copyright © 2024 insiflow.com