Жақынымды жоғалтқандай күйдемін… Төлеубек Аралбай ағайым келместің кемесіне мініпті… 😭 Әлі есімде, студент кезімізде өзгелерден қарағанда менен көөп талап ететін. Рөлдерді жақсы сомдап шығуға тырысқан сайын сын айтатын. Мені ағай жеккөреді, не істесем де жақпаймын деген ой пайда болып, сағым сына бастағанда шақырып алып: “Менің талап еткенім - сені жеккөргендіктен емес, потенциалыңның мол екенін көріп, соны шығарғым келгендіктен. Жарайсың, сынып кеткен жоқсың”, - деп жұбатып, жігерлендіріп жіберетін. Керек кезде қатал да бола білетін, керек кезінде орнымен ойнап күлдіріп те алатын. Актерлік шеберліктің фундаментін қалап кеткен ағайларымның бірі - Байтен Омаров болса, екіншісі - Төлеубек Аралбай ағай. Бүгін жаңалықтардан қайтыс болғанын естіп, есеңгіреп қалдым. Студент кезде айтқан сөздері күні кеше болғандай, дауысы құлағыма орала берді…. Тірі кезінде алдына барып алғысымды айтып та үлгермеген екем… Алла алдыңыздан жарылқасын, АҒАЙ 🖤🤲
January 20, 2022
Disclaimer
The data provides is not authorized by TikTok. We are not an official partner of TikTok.
Use of materials from the resource is permitted only with a link to our resource.
Contact