Әкем ешқашан туған күнін атап өткен адам емес. Бүгін де хабарласып, тілегімді айтып жатсам, “Еліміз аман болсын, халық тыныш болсын!” деп телефонның ар жағынан тілеп жатыр. Мен әрқашан әкемнің жанында өзімді Ұлы Қытай қорғанының артында тұрғандай сезінетінмін. Себебі, тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсіріп, қорғап келді. Бірақ біз әкемізге қарап “Мен сізді өмірден артық жақсы көрем!” деп айта алмаймыз. Себебі неге екенін білмеймін “Ұят”. Бірақ кешегідей қақтығыста жақындарымыздан бір сәтте жырақтап қалдық. Сондықтан кеш болмай тұрғанда: “Әке, мен сізді шексіз жақсы көрем! Өмірімсіз! Алдыңызда кеткен қатем болса, кешірім сұраймын” деп айтқым келеді! Туған күніңізбен, АСЫЛЫМ, Асқар тауым❤️
January 15, 2022
Disclaimer
The data provides is not authorized by TikTok. We are not an official partner of TikTok.
Use of materials from the resource is permitted only with a link to our resource.
Contact