@ainur_askarkyzy

Айнур Есмурзина

Kazakhstan

Instagram posts and videos uploaded by ainur_askarkyzy

ainur_askarkyzy

Маған бақыт тілеп қойсаңыздар болады❤️❤️❤️! Әр қазақ қызына жұғысты болсын! 👗: @march17_fh @march17_fh_shymkent

December 17, 2021

ainur_askarkyzy

Қайырлы күн достар❤️❤️❤️! Не жаңалық! Менде жаңалық өте көп💙💙💙. Бұйырса осы парақшамда айтамын. Жане сіздер күтіп жүрген “Арманыңа жет” сабағы бұйырса жақында болады💖. Нақты айтсақ 25 желтоқсан басталады❤️. Жүздеген адам бір-екі күнде тіркелуінің өзі жайдан-жай емес. Осы жылы жаңа жылдың алдында ойды тазалап, мақсаттарымызды айқындап, бірге жоспар құрайық❤️❤️❤️. Ниет қойған жандар 87713625080 ❤️❤️❤️. Жеңілдік ертең түнгі 00:00 де бітеді. Сондықтанда дәл қазір тіркеліп алыңыз💚💚💚. Чекті ✅askarkyzy_trening4 жіберіңіз!#Аллажарболсын

December 16, 2021

ainur_askarkyzy

Қайырлы таң! ⠀ Тәуелсіздік күні құтты болсын🙏🙏🙏! ⠀ Отыз жыл көзді-ашып жұмғандай өте жықты. Бұл мереке! Бұл қуаныш! Бірақ, бұл күн ата-бабамыздың, аға-апаларымыздың күресімен, көз жасымен, дұғасымен келген КҮН! ⠀ Осы жолда шейіт болған әр жанға дұға етіп отырмын. ⠀ Осы мерекеге орай әкем ордень алды, қызым би жарысынан бірінші орын алды, өзім жаңа үйге көштім. Жаңалықтар, Алланың тосын сыйлары жалғасуда. Шүкір🙏🙏🙏. ⠀ Сіздерге мерекеге орай ақ тілек арнағым келіп тұр. Барлық жақсылықты тіледім, жүрегіммен жәй ғана! Дәулетті де тіледім, тең болсын жақын айнала! Қуанышты тіледім, өзге үшін де шын қуан! Қуаныш жасы үзілсін, кірпіктерге байлана! Ризамын бәріне, шүкір етемін Аллаға! "Шындықты айтып, түзу жүр",-деген анам, ешкімді де алдама! Кешіре алсаң кешіргін, кек сақтамай ешкімге! Ренжітсе де жазықсыз, еш пендені қарғама! Кешірімді болғанда, шын қуанады жүрегің. Содан кейін бір-бірден орындалар тілегің. Жақындарды қадірлеп, төбеңе қойшы бауырды... Бұл жалғанда сол бауыр, ең жанашыр тірегің! Жүзің жарқын болсын деп, бұл тілекті тіледім! Сынайсыздар мені де, бәрін сеземін, білемін😔☺️... Мен де өзіңдей пендемін, қателігім баршылық! Ақ ниетті дос бер деп, Тәңірден мен де тіледім! Бәрі жақсы болады елімде де, жерім де! Алдамайды кеудемде тұрған жұмыр жүрегім! Тыныштық пен жақсы өмір елім үшін тілегім! Аманшылық болсыншы ең бастысы сол досым! Осы менің бүгіңгі Сіздерге ақ тілегім!❤️❤️❤️#Аллажарболсын #Аллағашүкір

December 16, 2021

ainur_askarkyzy

Құрметті менің алтын достарым, оқырмандарым қалайсыздар?❤️. ⠀ Білсеңіздер, менің досым Балқия Балтабайдың @balkia_baltabay әр қалада офлайн тренингі болып жатыр. ⠀ Аллаға шүкір құрбымды қолдап, Ақтау және Атыраудағы тренингіне қатыстым😍. ⠀ Шіркіін, тренинг өтее керемет дәрежеде өтті. Қаншама келген қыздар риза болып кетті ғой, енді. Сондай рухты, мотивацияға толы рухани кеш болды🔥. ⠀ Шынын айтқан кезде, осы кештен өзім көп нәрсені ойға түйдім😍. Адамның Алламен байланысын, біздің өмірімізге ақшаның не үшін керегін, өмірдегі проблемаларды қалай шешуге болады тағы басқа көптеген сұрақтардың жауабы айтылды. Балқия құрбымның офлайн тренингінен көкейлерінде жүрген сұрақтың жауап алған қаншама қыздар алғысын жаудырып жатыр😭🤲🏻. ⠀ Қыздар, бұйырса алдағы күндері бірнеше қалаларда досымның тренингі болады. Қатысыңыздаршы, шынымен өкінбейсіздер🌹 Билет алу үшін осы номерлерге жазыңыздар👇🏻 ☎️17-желтоқсан ШЫМКЕНТ +7 747 660 51 86 Аружан ☎️19-желтоқсан НҰР-СҰЛТАН +7 707 384 0202 Арай ☎️21-желтоқсан ҚЫЗЫЛОРДА +7 700 746 1400 Ақмарал ☎️25-желтоқсан АЛМАТЫ +7 776 226 4495 Айжан Қатыссаңыздар кештен кейін рақмет айтасыздар ғой, қыздар😍 Тренингке қатысқан қыздар болса, қалай болды өз ойларыңызды жазып кетіңіздерші👇🏻.#Аллажарболсын

December 16, 2021

ainur_askarkyzy

Мен бүгін қатты қуандым💖💖💖! ⠀ Қуанғаннан сөз таба алмай қалдым. Екі сағат ұйқымен таңғы 6 :30 да тұрып Балқия @balkia_baltabay досымның Атыраудағы рухани кешіне спикер болып келдім❤️❤️❤️. Шынымды айтсам, тек қолдау үшін келдім🌹. ⠀ Бірақ, мен күтпенен “Тосын сый” күтіп тұр екен😥😥😥. ⠀ Ең үлкен тосын сый үш досымның атынан жасады. Айнурчик @aidyn_nury, Балқиош @balkia_baltabay, Жұлдызша @zhuldyz_akbolat үшеуінің атынан алты миллион тұратын гаухар тасты САҚИНА сыйлады💚💚💚. Қатты қуанып кеткенімді айтсаңызшы. Тілекші болған достарым Гүлвира ұ тазға @gulvira_ustaz , Малика ұстазға @malika_ustaz жане Гүлекеме @gulbarshin_sultanbai мың алғыс. Дұғаларыңыз, сыйлықтарыңыз қабыл болсын❤️! ⠀ Бұны Алланың сыйы деп білемін. Қатты ұнап жүр еді. Оған қоса досым Балқиош тағы тосын жасап 1 миллион теңге берді🌹🌹🌹. ⠀ Гаухар сақинаның көрімдігі әрі тағы бір себепке байланысты берді. Негізі бұл қымбат сақинаны жаңа жылдан соң тапсырыс берем деп ойлап жүр едім💖. Алла бұйыртып тұрғанын қарасаңызшы😥😥😥❤️❤️❤️. ⠀ Тосын сый онымен бітпеді барша Ақтаулық, Атыраулық достарым өте үлкен гүлдермен сақнаға шықты. Жане бәрі 100 доллардан сыйлады. Сөзім жоқ❤️❤️❤️. Балқияны қуантуға, Атыраулық достарымды қуантуға келген мені Алла қуантып жатыр😥😥😥! Видеоны толық көрсеңіз түсінесіздер❤️❤️❤️. Атырау рахмет! Балқиош РАХМЕТ🙏🙏🙏! Бақыт тілеймін. #Аллажарболсын

December 15, 2021

ainur_askarkyzy

Жаным, досым, тілекшім Балқиош @balkia_baltabay Маңғыстауға қош келдің❤️❤️❤️! Бүгінге кеш өте керемет өтті. Алланы еске алып жылап та алдық❤️❤️❤️. Күшті кездесу болды❤️❤️❤️. Рухани кештен алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймые . Кім қатысты? Пікір қалдырайық❤️❤️❤️.#Аллажарболсые

December 13, 2021

ainur_askarkyzy

СҮЙІНШІ!!!! ⠀ Достарым мың алғыс❤️! ⠀ Аллаға мың шүкір🤲🤲🤲! Ақ тілек арнаған әр жанға рахмет❤️❤️❤️! Ақ Камоштайыма бата берген, ақ тілек тілеген, дұғада болған әр жанға Алланың нұры жаусын❤️❤️❤️! ⠀ Ақ Камош Республикалық би байқауынан бірінші орын алды🌹🌹🌹! ⠀ Аллаға мың шүкір! Әжесінен, мамасынан жане жақындарынан бата алған қызым Алланың қалауымен осындай қуанышқа ие болды. ⠀ «Мама, мен бірінші орын алдым ғой”,-дегенде көзімнен жас ытқып шықты. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын❤️. “Мама, сенің батаң сработала»,-дейді жане❤️🌹. Менің емес ол барша оқырмандарымның, достарымның, тілекшілерімнің тілегі ғой❤️❤️❤️. Балқиош @balkia_baltabay та түнімен дұғада болды😍😍😍. Жарысқа бара алмасам да, Балқия досым қыздары барып гүлін жане ойыншығын сыйлапты❤️❤️❤️. Бүкіл халықтың алдында Ақ Камошты құттықтадық. Жаным балапаным, жарыста ғана емес, өмірде жолың болсын🤲🤲🤲! Гүлсара @funtikadaika апасына арнайы алғысым шексіз🤲. Бағың ашылсын! Қызыма тілекші болған әр жанға Алла балаларының қуанышын көру бақытын бұйыртсын🤲🤲🤲!#Аллажарболсын #Актау#Алматы

December 13, 2021

ainur_askarkyzy

Достарым, алтындарым❤️❤️❤️! ⠀ Алланың қалауымен “Әдемі” үйлі болдым🌹🌹🌹. Бәрі Алланың қалауымен жане ата-анам мен сіздердің ақ баталарыңның жемісі деп білемін. Бұрынғы үйлерім де жарық, әдемі еді. Бұл жолы мүлдем бөлек үй. ⠀ Соңғы үлгіде үйімді жасаған дизайнерлерім Анар @adaman_desinger жане Әлібек ініме @azh7arc МЫҢ алғыс айтамын. Бақытты болыңыздар💖💖💖. ⠀ Жане басынан бастап қызмет еткен досым Узимаға @ne_skazhuuu рахмет айтамын. Сендей досымды берген Аллаға шүкір❤️❤️❤️. ⠀ Үй жөндеу жұмыстары туралы жеке тоқталамын асықпай. ⠀ “ҚҰТТЫ ШАҢЫРАҚ” деп атын қойдым. “Құтты шаңырақ-1” бүгінгі жазбам. Енді жайлап жөндеу жұмысы туралы жазатын боламын❤️❤️❤️! ⠀ Ал, құттықтауларыңызды қабылдауға дайынмын💚💚💚! Осындай құтты шаңырақ, әдемі пәтер бәріңе “Жұғысты болсын 🙏🙏🙏! Шын жүректен тіледім🙏🙏🙏!#Аллажарболсын

December 12, 2021

ainur_askarkyzy

Достар қайырлы күн! Кешегі күнім қуанышқа толы болды. Аллаға мың шүкір. Папам үшін де қатты қуандым. Одан бөлек тағы үлкен қуаныш ол сыйлас Сауле апамның ашып жатқан “Асемгүл” дүкені. Бұл дүкенді көптен күтті апам. Ақ адал еңбегімен, маңдай терімен жеткен жетістіктерінің бірі. Өзім де қатты қуандым. Кәкімжан Қажы ағамызбен бірге қызыл лентасын қидық❤️❤️❤️. Апамның тілекшілері өте көп екен. Бәрі кезектесіп тілектерін арнап жатты. “Асемгүл” деп атын қызының есімін қойды💖💖💖. Асемгүл дара туған керемет бала. Адамды құрметтеуі бөлек. Енді Серік ұлының жане осы сіңілімнің тойларына келу бұйырсын❤️❤️❤️! Орналасқан жері: Ет комбинаты 1/32 . Шын жүрекпен құттықтаған жандарға бұйырсын❤️❤️❤️! ❤️❤️💙.#Аллажарболсын

December 11, 2021

ainur_askarkyzy

Сүйінші достар! Әкем үшінші дәрежелі “Еңбек даңқы” орденімен марапатталды🙏🙏🙏. Ерен еңбегі үшін берілген мемлекеттік марапатты достарым шетінен жіберіп жатыр қуанып❤️❤️❤️. Узим @ne_skazhuuu мен Иринка @irina_prestige, Анар ақын досым сүйіншілеп жіберді❤️❤️❤️. Атырауда жүр едім қатты қуандым. Санаулы кісілер ғана алған екен. Жүрегім қуаныштан жарылып отыр. Еліміздің басшысының жарлығымен берілетін марапат әкеме бұйырыпты. Әкем лайықты. Обылыс әкімі Н.А. Ноғаев жане ҚР Парламенті Сенатының Төреағасы М.Әшімбаев табыстады. Қуаныштан көзімізге жас алдық. Сіңілілерім бәрі бақыты. Інім, жас мамам бәрі қуанып жатыр екен. Әкемнің бауырлары қуанып жатыр. Әкем Инстаграм оқиды. Құттықтауларыңызды төгіп жіберіңіздер. Әкем барлық жақсылыққа лайықты❤️❤️❤️💚.#Аллажарболсын

December 10, 2021

ainur_askarkyzy

Ауылда өскен қызбын❤️. Кеше ұшақта сол балалық шаққа барып қайттым. Әжем ұршық иіріп отыр. Ұршық иіргенде қолындағы күміс сақиналары бір-бәріне тиіп әдемі дауыс шығаруда❤️. Әжемді сағынып кеткенде, сол көрініс көз алдыма келеді. Ораза ұстағанда таңда қазымен табанан жеп отырған сәттер. Бір түрлі әдемі көріністер еді ғой шіркін❤️. Біз мал ауылда боталарды алысқа апарып қазыққа байлауға бара жатырмыз. Жеңешелерім, жас анам бәрі үш-төрт ботадан жетектеп бара жатыр. Мен тек “шу-шу” деп құр еріп келе жатырмын. Боталарлың күзінің әдемісін сөзбен жеткізе алмаймын. “Ботагөз” деп бекер айтпаған-ау. Әдемі, мөлдіреп тұрады. Сирақтары мен май табандарын әлі күнге дейін сағынып кетемін. Табиғаттың әдемі жаратылысы ғой. Әр жерге қазық қағулы, соған ұзын арқанмен байлап қояды. Олар көк жөпке тойды-ау дегенде, аналары жайлаудан қайтатын кез болуы керек барып оларды шешеді🌹🌹🌹.Олар ауылдағы қораға қарай шаба жөнеледі. Әдемі көрініс емес пе? Жаным атамның бір ер-тұрман жане қақпан, темір-терсек сақтайтын сарайы бар. Сол жерде былғары қоңыр әдемі сөмкесі бар. Сол жерге кіріп төс пен балғаны алып тықылдатып бірдеңе қағады да отырады. Он жасында соғыс кезінде Орлов қаласына мал айдап апарған “соғыс баласы” болған атам ерекше құрметке ие жан еді. “Передовой жылқышы” болған әкемнің қасқыр алғандығы туралы, бәйгеге ат қосқандығы туралы, ақ мамамды қалай алып келгенді туралы да жазамын. Құрғыр уақытқа бағынып, осындай әңгімелерге уақыт таппай кеткеніме күйзелемін. Соның орынын толтырғым келеді. Расында инста тек бизнес үшін не жарнама үшін ғана керек құрал болмауы керек ғой. Әдемі естеліктерді де жазып қоятын әдетім бар еді. Бұйырса ниет еттім. Жоғарыдағы айтқан оқиға ұнап жатса достарыңызбен бөлісіп, пікір қалдырыңыз. Шабыт алып екі-үш кітаптық әңгімелерді ұсынайын Сіздерге. Жазып тұрайын ба🙏🙏🙏? _______________________________Көйлек: @asadelfashion @piano_studio #Аллажарболсын

December 08, 2021

ainur_askarkyzy

Достар, қайырлы кеш❤️❤️❤️! Мен әрқашан еңбекқор жандарға тілекшімін😍😍😍. Қаншама қазақтың қыздаары өз кәсіптерін дөңгелентіп отыр. Мысалы, жолға шығып бара жатып Айсұлу ханымның AIDA сән үйінің қызыл лентасын қиып беріп кеттім🙏. Көптен күткен үміттерің, жаңа AIDA сән үйлеріңіз, құтты болсын Айсұлу ханым!❤️Қуаныштарыңа ортақтасу үшін жиналып отырған мына қауымның сендерге айтар тілегі мол.❤️Ішінде тек қана татулық пен береке, қуанышты әрі бақытты тұтынушылар болсын!❤️ AIDA сән үйінде, қуанышты тойлайтын жиын көп болсын!❤️ ⠀ Сән үйі парақшасы❤️. @aida_atelier ⠀ 🏠Мекен-жай: 19 ш/а , Salem тұрғын үй кешені 29. Осы жерде отырған әр оқырманыма жұғысты болсын💚💚💚. Әумин деп қойыңыздар🤲🤲🤲! Әумин деген әр жанға жұғысты болсын!!!#Аллажарболсын

December 07, 2021

Similar accounts

justking31

6.8m followers

@justking31
aidyn_nury

4.2m followers

@aidyn_nury
sadvakasovamadina

4.1m followers

@sadvakasovamadina
oksukpaevak

3.8m followers

@oksukpaevak
eldos_kalabok

3.2m followers

@eldos_kalabok
zheka_fatbelly

3m followers

@zheka_fatbelly
territima

2.9m followers

@territima
dana_yesseyeva

2.8m followers

@dana_yesseyeva
djurinskaya

2.7m followers

@djurinskaya

Disclaimer

The data provides is not authorized by TikTok. We are not an official partner of TikTok.

Use of materials from the resource is permitted only with a link to our resource.

Copyright © 2024 insiflow.com