@ainur_askarkyzy

Айнур Есмурзина

Kazakhstan
Ауылда өскен қызбын❤️. 

Кеше ұшақта сол балалық шаққа барып қайттым. Әжем ұршық иіріп отыр. Ұршық иіргенде қолындағы күміс сақиналары бір-бәріне тиіп әдемі дауыс шығаруда❤️. Әжемді сағынып кеткенде, сол көрініс көз алдыма келеді. Ораза ұстағанда таңда қазымен табанан жеп отырған сәттер. Бір түрлі әдемі көріністер еді ғой шіркін❤️. 

Біз мал ауылда боталарды алысқа апарып қазыққа байлауға бара жатырмыз. Жеңешелерім, жас анам бәрі үш-төрт ботадан жетектеп бара жатыр. Мен тек “шу-шу” деп құр еріп келе жатырмын. Боталарлың күзінің әдемісін сөзбен жеткізе алмаймын. “Ботагөз” деп бекер айтпаған-ау. Әдемі, мөлдіреп тұрады. Сирақтары мен май табандарын әлі күнге дейін сағынып кетемін. Табиғаттың әдемі жаратылысы ғой. Әр жерге қазық қағулы, соған ұзын арқанмен байлап қояды. Олар көк жөпке тойды-ау дегенде, аналары жайлаудан қайтатын кез болуы керек барып оларды шешеді🌹🌹🌹.Олар ауылдағы қораға қарай шаба жөнеледі. Әдемі көрініс емес пе? 

Жаным атамның бір ер-тұрман жане қақпан, темір-терсек сақтайтын сарайы бар. Сол жерде былғары қоңыр әдемі сөмкесі бар. Сол жерге кіріп төс пен балғаны алып тықылдатып бірдеңе қағады да отырады. Он жасында соғыс кезінде Орлов қаласына мал айдап апарған “соғыс баласы” болған атам ерекше құрметке ие жан еді. “Передовой жылқышы” болған әкемнің қасқыр алғандығы туралы, бәйгеге ат қосқандығы туралы, ақ мамамды қалай алып келгенді туралы да жазамын. 

Құрғыр уақытқа бағынып, осындай әңгімелерге уақыт таппай кеткеніме күйзелемін. Соның орынын толтырғым келеді. Расында инста тек бизнес үшін не жарнама үшін ғана керек құрал болмауы керек ғой. Әдемі естеліктерді де жазып қоятын әдетім бар еді. Бұйырса ниет еттім. Жоғарыдағы айтқан оқиға ұнап жатса достарыңызбен бөлісіп, пікір қалдырыңыз. Шабыт алып екі-үш кітаптық әңгімелерді ұсынайын Сіздерге. Жазып тұрайын ба🙏🙏🙏? _______________________________Көйлек: @asadelfashion @piano_studio #Аллажарболсын

Ауылда өскен қызбын❤️. Кеше ұшақта сол балалық шаққа барып қайттым. Әжем ұршық иіріп отыр. Ұршық иіргенде қолындағы күміс сақиналары бір-бәріне тиіп әдемі дауыс шығаруда❤️. Әжемді сағынып кеткенде, сол көрініс көз алдыма келеді. Ораза ұстағанда таңда қазымен табанан жеп отырған сәттер. Бір түрлі әдемі көріністер еді ғой шіркін❤️. Біз мал ауылда боталарды алысқа апарып қазыққа байлауға бара жатырмыз. Жеңешелерім, жас анам бәрі үш-төрт ботадан жетектеп бара жатыр. Мен тек “шу-шу” деп құр еріп келе жатырмын. Боталарлың күзінің әдемісін сөзбен жеткізе алмаймын. “Ботагөз” деп бекер айтпаған-ау. Әдемі, мөлдіреп тұрады. Сирақтары мен май табандарын әлі күнге дейін сағынып кетемін. Табиғаттың әдемі жаратылысы ғой. Әр жерге қазық қағулы, соған ұзын арқанмен байлап қояды. Олар көк жөпке тойды-ау дегенде, аналары жайлаудан қайтатын кез болуы керек барып оларды шешеді🌹🌹🌹.Олар ауылдағы қораға қарай шаба жөнеледі. Әдемі көрініс емес пе? Жаным атамның бір ер-тұрман жане қақпан, темір-терсек сақтайтын сарайы бар. Сол жерде былғары қоңыр әдемі сөмкесі бар. Сол жерге кіріп төс пен балғаны алып тықылдатып бірдеңе қағады да отырады. Он жасында соғыс кезінде Орлов қаласына мал айдап апарған “соғыс баласы” болған атам ерекше құрметке ие жан еді. “Передовой жылқышы” болған әкемнің қасқыр алғандығы туралы, бәйгеге ат қосқандығы туралы, ақ мамамды қалай алып келгенді туралы да жазамын. Құрғыр уақытқа бағынып, осындай әңгімелерге уақыт таппай кеткеніме күйзелемін. Соның орынын толтырғым келеді. Расында инста тек бизнес үшін не жарнама үшін ғана керек құрал болмауы керек ғой. Әдемі естеліктерді де жазып қоятын әдетім бар еді. Бұйырса ниет еттім. Жоғарыдағы айтқан оқиға ұнап жатса достарыңызбен бөлісіп, пікір қалдырыңыз. Шабыт алып екі-үш кітаптық әңгімелерді ұсынайын Сіздерге. Жазып тұрайын ба🙏🙏🙏? _______________________________Көйлек: @asadelfashion @piano_studio #Аллажарболсын

December 08, 2021

Disclaimer

The data provides is not authorized by TikTok. We are not an official partner of TikTok.

Use of materials from the resource is permitted only with a link to our resource.

Copyright © 2024 insiflow.com