@gulmir_ktk

Гүлмира Әбіқай

Kazakhstan

Instagram posts and videos uploaded by gulmir_ktk

gulmir_ktk

ӨМІРЖАН Осыдан 5 ай бұрын аман-есен, ойнап-күліп жүрген 17 жасар жігіт қазір төсек тартып жатыр. Бір үйдің үлкені Өміржан былтыр 11 бітіріп, институтқа түсті. Арманы заңгер болу. Ол Сарыағаштан Алматыға ерігіп келген жоқ. Баяғы қу тіршілік оқу ақысын өзі тауып, үйдегілерге сеп болсын деп жұмыс іздеп келді. Бойы 2 метр, салмағы 80 кило алпамсадай жігіт «Qazaq Stroy» компаниясының құрылысына белсене кірісті. #апортқа қарсы беттегі зәулім үйлерді тұрғызуға бозбала 2 ай атсалысты. Еш келісім-шарт жоқ, баланы жұмысқа кіргізген прораб «Ничо бойың ұзын, денең ірі. Сені 18-де деп ойлап қалады» деп сендірген. Каска, костюм сынды қауіпсіздік бұйымдарын өз ақшаңа сатып ал деп бұйырды. Оқыс деген аяқ астында, 31/11/21 әдеттегідей лыпып тұрған Өміржанның аяғы тайып, 5-ші қабаттан құлады. Бас миына зақым келді, бел омыртқасы, құйымшағы, екі қол-аяғы сынады. Сүйектен сау тамтық жоқ. 25 күн ес-түссіз комада жатты, тағы сонша күн палатада. Ол үйге шыққанша құрылыстағы ЧП құзырлы орындар тарапынан жабылып оқиғаға баланың өзі кінәлі болып шыға келеді. Полиция алдында Өміржан аяқтан тұрғанша көмектесеміз, деген компания өкілдері енді ұстатар емес. Баласын күту үшін ана байқұс алып-ұшып Алматыға келген, пәтер жалдап тұруда. Бір бөлме болса да тап-таза, жинақы үй. Өміржанның асты-үстіне түсіп, тамағын шприцпен беріп отыр. Бір орында тапжылмай жатқанына 3 ай болса да денесі құрғақ, иіссіз, таза. МРТ сынды тексерулерге қаржы қолбайлау, массаж да жасалынбады, дәрі-дәрмек, мазьдары да тым қымбат. Тиісті ем-домын алмаған соң жас организм семіп барады. Дәл қазір бұл жігітке қаржылай һәм заңгерлік қолдау керек! Дәрігерлер бәлкім орнынан тұрып кетуі мүмкін деген болжам айтады. Ата-анасының көз алдында семіп бара жатқан жасөспірімнің қайта өмір сүруіне көмек қолын созайықшы, ағайын✊ Әке-шешесінің момындығын пайдаланып, Еңбек заңын белшеден басқандар жазасын алуы керек! Заң жағымен @kamisha8585 екеуміз айналысамыз. Ал, сіздер оразадағы сенбілік сауапты іспен атсалысыңыздар✊ Өміржан өмір сүруі тиіс! Реквизиттер : 📍KASPI GOLD 8778 376 94 66 5169 4971 5129 8662 Halyk Bank 5354 5100 2842 4942 8778 376 94 66 Жанар. Е. #қайырымдылық #

April 16, 2022

gulmir_ktk

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ШУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ қалай аяқталды? 22/11/21 бүкіл қоғам селк етті. Алматыда жап-жас келіншек 9-шы қабат терезесінен алдымен 3 баласын лақтырып, артынан өзі секіріп кетті. Төртеуі де сол жерде тыпыр етпей мерт болды. Жаншошырлық оқиғаға қабырғасы қайыспаған жан қалмады. Өлім себебін әркім әрқалай болжады: Пәтер жалдайды екен қу жоқшылық, күйеуі картаға ұттырыпты, күйеуінің ашынасы бар екен, есірткі шегіп арақ ішіп алған қайнылары зорлайын депті… түрлі қауесет тарады. Полиция “Өзін-өзі өлтіруге жеткізу” бабына қатысты қылмыстық іс қозғады. Атышулы оқиға немен тынды? Ештемемеге ешкім кінәлі емес, қылмыс құрамы жоқ деп іс тоқтады. Ақыл-есі түзу, жоғары білімді 28 жасар Бақыткүл просто секіріп кетіпті🤦‍♀️ Марқұмның жазып кеткен хаты да сол күйі қалды “Өмір сүргім келмейді. Кінәлілер бәрін өздері біледі”. Өкінішке орай, 4 адам жан қиғанымен ешкім еш нәрсе білмедік😞 2-ші оқиға Алматы ауруханасына ата-анасы тастап кеткен 2 жасар сәби. 2021 жылдың күз айында далада жалғыз жүрген балақайды ауруханаға жетектеп полиция әкелген. Ата-анасы іздестіріліп әкесі табылды, алайда балаға қатысы бар еш құжаты жоқ болғандықтан сәби әкесінің қолына берілмеді. Шешесі тастап кеткен, әкесінің жағдайы жоқ балақай ересектерге ес кіргенше аурухана дәлізінде күтіп жата берді. Қаңтар айында кездейсоқ пациенттің бірі тәулік бойы манежге салынған күтімсіз баланы көріп дабыл қақты. Қараусыз сәби есіне түскен барлық құзырлы орындар сол кезде іске кірісе бастады. Тәңірберген Тілепбаевтың әжесімен өзім де сөйлестім. “Анасы Қырғызстан азаматы баланы Қордайда туған. Қалай құжатсыз туғаны белгісіз, құжатсыз болғандықтан баланың бар екенін растайтын еш қағаз жоқ. Егер, сол кезде @kordai.bilim.bolimi қамқоршылары дабыл қағып, полицияға хабарлағанда бала адасып жүрмес еді. Нәтижесінде не болды дейсіз ғой, қоғамдық резонанс тудырған даулы іске нүкте қойылды. ДНК арқылы Мейірбектің әкелігі анықталды, сот шешімімен баланы өзі алды. Дәл қазір кішкентай немересі әжесі Фатиманың қолында. Баланың анасы Пахновская Амина болса Тәңірбергеннің бар-жоғынан хабарсыз. Анасының өмірде болғанын балақайдың ерекше сүйкімді жирен шашы мен ақшыл сары өңі ғана еске салады👦 #2021оқиғалар

April 16, 2022

gulmir_ktk

ҰЛЫТАУҒА бардым, ұлар етін жедім🦜 Жезді өңіріне алғашқы сапарым баяғыдааа КТК-ның #күндерек жаңалықтарында жүргенде басталған. Жұмыссыздықпен ешкім бас ауыртпайтын өлке еді. Бүкіл жұрт таңертең жерасты шахталарға түседі, кешке жер бетіне шығады. Шағын кәсіп, бизнес деген ілеуде біреуде болмаса Шымкенттегідей жанталасып жатқан жан жоқ. Әлі зауыт, профсоюз, контор, санаторийлары жұмыс істеп тұр. Осы өлкеге осыдан 3 жыл бұрын тағы жолым түсті. Сол күйі: қала да , адамдарының көзқарасы да өзгермепті. Бәлкім, енді өзгеретін шығар? Ел жадынан өшуге тақаған бұрынғы Жезқазған облысы енді Ұлытау. Не өзгереді десеңіз #бүгін 20-00 🕖 @ktktvkz көріңіз✅ Әріптесім @askarbek_kazangap арнайы репортажды қатырыпты✅ Қазіргі Қарағанды облысы қалай бөлінеді #біргекөрейік Оқырмандарым арасында болашақ Ұлытау облысынан кім бар🙋‍♀️

April 16, 2022

gulmir_ktk

КРОССВОРД Өз басым кроссворд, сканворд, ребус шешкенді жақсыыыыы көремін. Бала кезде газет-журналдың ең соңғы беті ғана демалысқа арналатын. Шұқшиып оқып-сызуды соңғы беттен бастаушы ек. Студент кезде стипендиядан қиып тұрып арнайы журнал сатып алатынмын. Кейін ақша көбейгенде кроссворд шешетін уақыт жоқ болып кетті ма бір нәрсе, әйтеуір🤭 Маған қазақшасы тым оңай болғандықтан тек орысшасын шешетінмін. Айтпағым, жылдар өте өзім қазақ кроссвордына арқау боламын деп кім ойлаған? #дат газетін оқитындар бар ма арамызда? Жалпы, оқырмандарым арасында әлі газет оқып, кроссворд шешетіндерді белгілейік🙋‍♀️ Болашақта қазкроссворд клубын құрармыз🤗 Негізі, фамилиямның қазақшасы ӘБІҚАЙ!

April 15, 2022

gulmir_ktk

ОЙЕБББОЙ😲 Бөпеге коляска алайын деп қарасам бағасы миллионнан жоғары ғой. Үстіне миллион қосып көлік алып алса қалай деген ой миымда жылт етті. Тәуір дегенің 400-500 мың теңге. Қытайский да бар екен 80 мыңға, жүрейін десең уже дөңгелегі дірілдеп тұр. Алматы дүкендерінде Германия, Ресей, Польша, Тайландтың арбалары тізілген. Қайран Қазақстан, 30 жылда балалардың коляскасын да шығармаппыз ғой🤷‍♀️ Есесіне, шет елге заңсыз 100 млрд. доллар аттандырдық🤦‍♀️ Енді мен журналистпен қатар нәрестеге қажетті бұйымдардың сарапшысымын🙋‍♀️ #жақында смесь, памперс, влажная салфетка, соска- пустышканың жақсы-жаманын ажыратып зерттеп беремін)

April 15, 2022

gulmir_ktk

ХАТТЫҢ түр-түрі келеді ғой. Дегенмен, осындай үтір-нүктесіз жалғасқан хатты көргенде сөздердің ортасына өзім қысылып қалғандай тынысым тарылып кетеді🤯 Одан кейін әр сөзден кейін. нүкте қоятын хаттар қан қысымымды көтереді🥵 Менің бұл хатты оқып, сөйлемдерді бөліп отыруға уақытым жоқ. Оқырмандарым арасында іші пысып отырғандар болса, мархабат, қатесін түзеуді сіздерге қалдырдым⬇️ ***** СәлеметсізбеГүлмираәпкейсіздіңкомегіңізқажетболыптұр,еді,өзімаурушаңанаедім,біреугеқарызболыптолейалмадым,күйеуімкартасындабанкжауыптастады,өзімәреңжүргенанаедімкопбалалыотбасыболыпекібаламдыоқытыпжатырғанкүнімізбарендіқарызақшамдытолейалмайқиналыпқалдым,туысқандарымнандаалыпұяламын,олардыңөзсемьясыбар,бастапқыкездердекарточкаменөзіалыпотырды,проценткебергенадамтанысадам,ендітолейалмайжатырмын,балаларымныңоқуақысынтолейалмағандықтанпособьядатоқтайды,өзімауырыпқиналыпотырғанымдапродукттаалалмайүшкүнтамақсызтырдымкімгебарыптамақсұраймын,қиыналыпотырмын,бұлномерқызымныңномерыеді,оразаайындакөрсеткенжақсылығыңызсауаптанқайтсындепсізгежазыпотырмын,ауруболғансоңқорқамындатағыбірнәрсеболыпкетсембалашағамныңкүніқалайболадыдепөтінішкөмеккорсетесізбеекіретинсульталдым,жүрегімненекіретоперацияжасадыммүгедіккешығарғанедіқарызболыпоныдатолейалмайотырмыналғанқарыздарымды,күнігеуайымқайғыболады,дәрігерстрессболмайдыойланбадейдіқалайойланбайынтамаққадатиынтабалмайқаламынкешіріңізСіздіңкөрсеткенжақсылығыңызболсыншыалладанеселепқайтсынжақсылығыңыз,кейінгікүндерімдеқорқамынөліпқалатындайболыпауруымныңүстінежоқшылыққосылыпқиналыпжатырмынойланып,сізгежазыпотырғанкүйімосыболдыБіріншіАлладан,екіншісізденөтініпсұраймын,үшкүнненберытамақаламадымпродуктжағынанболсадакөмекберсеңізекенбалашағамдаашболғандаменөзімауруболғансоңмағанқарайды,бірнәрсежепаласызбадеп,бірақжейтіндейтамақжоқ,күйеуімкартасыжабылды, Әпкеөтінішкөмекбересізбеменіңмүгедектіккеберетінақшасынақарызымаберсемөзімтамақсызқаламын,уайымдапотырмынбіркорсеткенкөмегіңізболсыншықайырымдыжандартабылыпқаладығойапке,менойланыпбасымнантұра алмайжатырмын, ЁӘпкеөтінішауруымболғансоңкүнделіктіқосымшажұмысжасаптиынтапсамдақуанаредім,оғанда мүмкіндігі болмай тұр,давлениеинсульт,жүрегімеоперациябасымдаауырадыбәріқосылыпқиналыпотырмынөтін #жалғасысыймады🤦‍♀️

April 14, 2022

gulmir_ktk

РЕЗИДЕНЦИЯ жайлы #жалғасы Сонымен, 40 жыл тұрған ғимарат түбегейлі бұзылатын болды. Ұзақ жылдар бойы сырты жылтырап ешкімге пайда әкелмеген мәрмәр үй бұл жолы да халықты жылатып сүрілмек. Аттай 6 млрд. теңге. Құрылыс салу үшін емес өртенген, дымы қалмаған резиденцияны құлату үшін бюджет осы. Мұны «Қазреставрация» МҚК есептеген. Жалпы, сүрілуі 3млрд, жермен-жексен болған жерді реттестіру тағы сонша сома деп көрсетіпті. АП-ның іс басқару бөлім жетекшісі мақұлдаған. 6 млрдтың қанша теңгесі қазынаға қайтады? Күйген ғимараттың темірі 1800 тонна, өңдеуге өткізсе 150 млн тг. Өрттен аман қалған тоңазытқыш машиналары, дизель-генератор сынды мүліктер 600 млн. тг. бағаланып отыр. Қысқасы, 6 млрд шығын, 750 млн тг кіріс. Ғимаратты бұзу қызу басталып кеткен. Дәл қазір 120-дай жұмысшы бар. “Таңғы 6-да топырлап кіреміз, кәдімгі КПП-дан өтеміз. Құжат көрсетеміз, соткамен кіргізбейді. Жұмыс барысын, территория ішін түсіруге тыйым салынған. Содан кешкі 6-ға дейін бұзамыз. Мен дрельмен жұмыс істеймін, күніне 8000 тг. төлейді. Шамамен 3 айда бітеміз деп отырмыз. Ғимаратты қиратуға 6 млрд. тг бөлінгенін сізден біліп отырмын” деп пікір білдірді Резиденция жұмысына тартылған Қайрат. - Келісім-шартпен жұмыс істеп жатсыңдар ма? Сіз бұл жұмысты қалай таптыңыз? - Жоқ, ешқандай договор жоқ, ақшамызды әр күні қолға санап аламыз. Кешкі 6-да беру керек 8-9ға дейін ақша күтіп сандалып жүреміз. Мен таныс арқылы кіргем” деп ағынан жарылды Қайрат. Қайраттың айтуынша резиденцияны бұзуға тек “Эверест” фирмасының жұмысшылары тартылыпты. Енді есептей беріңіз: 120Х8000 = мұны 3-ке көбейтіңіз, оған 750 млнды қосыңыз=? Менікі миллиардқа жетпей тұр сіздікі ше? Хош делік, алып метал мәрмәрді бұзу, шығару, аумақты реттеуге аттай 3 млрд. кетті делік?! ҚР салық төлеуші азамат ретінде Резиденцияны қиратуға жұмсалған 6 млрд. тг. есебімен халықты хабардар қылуын талап етемін! #резиденция

April 13, 2022

gulmir_ktk

ҚОШ БОЛ, ЖАУЫНГЕР Қазалының шетінде топырағы кеппеген жаңа төмпешік пайда болды. 40 күн жұмбақ күйде жоғалған шекара жауынгері Ұлықбек Бердешовтың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Әрі қырқы әрі жаназасын өткізді. Қорғасын табыт тікұшақпен жеткізілді, табыттың бетін ашуға рұқсат жоқ. Әскерилер қоштасуға 2-ақ минут уақыт берді. Денесін үйдің жанына қойды да, бет сипап үлгерген қаралы жұрт Ұлықбекті мәңгілік сапарға аттандырды. Еш нәрсеге түсінбей артында аңырап қалған Бердешовтерге бәрі көрген түс сияқты. Бірде жылап, бірде талып, есеңгіреп анасы Орынкүл қалды. Әкесі Айдарбек суыт хабар естігелі жан баласымен тілдескен жоқ, бәрі іште… Барша қазақ қайғырған өлім, дегенмен, тас түскен жеріне ауыр. Ес жиып алған соң, баламның қазасына кім кінәлі екенін анықтау үшін бәріне дайынмын дейді анасы. Бақұл бол, Ұлықбек🙏 #жауынгер # #шекара # #сарбазөлімі # #қазақстан

April 13, 2022

gulmir_ktk

ПРОПИСКА Енді тіркеу мәселесі проблема емес! Бұрынғыдай пропискаға тұру үшін 1 күнді сарп етіп, ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ. @halykbank.kz Homebank жүктемесі арқылы бұл шаруаның жүгін жеңілдетті. Ол үшін: 1. Halyk Homebank қосымшасына кіріңіз 2. Мемлекеттік қызметтерді таңдаңыз 3. Тіркеу (прописка) бөліміне кіріңіз 4. "Тіркелу түрін" таңдаңыз - "тұрақты / уақытша" 5. "Меншік иесі" туралы ақпарат көрсетіңіз 6. Өзіңіз туралы ақпаратты жазыңыз 7. Жолданған СМС-код арқылы өтінімге қол қойыңыз Міне, осылайша Ешқайда бармай, онлайн, кез келген жерде жүріп, Halyk Bank-тің Halyk Homebank қосымшасы көмегімен пропискаға отырыңыз✅ ✅ Қазіргі уақытта қосымша арқылы пропискаға отырғызуға болады, ал шығару жағы әзірленуде. @halykbank.kz заманауи қызмет сіздің смартфонда✅

April 13, 2022

gulmir_ktk

ҮМІТ ҮЗІЛДІ… 01-ші наурызда Жамбыл обл, Мерке ауданы, “Андас батыр” әскери заставадан ізі-қайым жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердешовтың денесі бүгін Қырғызстаннан табылды. Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді. Өте өкінішті… Небәрі 18 жасар жігіт бір үйдің үлкені, бір үйдің үміті еді… Артында аңырап анасы, тау басында есеңгіреп ауру әкесі қалды. Қазалыдағы үйінде 2 інісі мен 2 қарындасы Ұлықбек ағам әскерден келеді деп күтіп отыр😢 Оқиғаның нақты қашан, неге болғанын арнайы әскери сот-сараптама анықтайды. Туыстарының әскер басшысына айтары көп; көкейде сан сауал мен мың күдік. Бұл тақырыпқа мен арнайы ораламын. Ұлықбек жайлы парақшамда жазғалы барша қазақ амандығын тіледі, Алладан саулығын сұрады. Оқырмандарым жауынгерді ораза айындағы тілек-дұғасына қосты. Алайда🤷‍♀️ Марқұмның ата-анасына, барша туыс-туғандарына қайғыра көңіл айтамын. Бақұл бол, Ұлықбек Айдарбекұлы🌙 #әскер # #қазақстан # #шекара

April 11, 2022

gulmir_ktk

САПАРБАЕВ сән-салтанатымен ұзатылған қыздай болып әдемі кетті👏 Бердібек Мәшбекұлының кризис-менеджер атағы бар Үкіметте қай сала ақсайды, соны көтеруге жұмсайды. Осыған дейін вице-Премьер, әлеуметтік-еңбек саласын басқарды, 5 облысқа әкім болды. Жамбыл облысына 2020 жылғы әйгілі дүнген қақтығысынан кейін ситуацияны реттейтін тәжірибелі басшы ретінде тағайындалды. Шынында, қазір дүнгендермен соғысты өзге тұрмақ сол облыстың тұрғындары ұмытып қалды. Алдында Шығыс қошаметпен шығарып салып еді, Ақтөбе жұрты тіптен жібергісі келмей, үлкендері бата беріп қоштасқаны есімізде. Енді, киелі Тараз халқы @saparbayev_bm қимай қоштасуда. Қазіргідей жемқор қаптаған Қазақстанда сотталмай, абыроймен, халық қошаметімен қызметпен қоштасу да бір бақыт✅ Өзім сыйлайтын әкімнің бірі Бердібек ағамызға амандық, зейнетті жылдары мәнді өтуіне тілектеспін✊

April 11, 2022

gulmir_ktk

КҮН ТҮСПЕЙТІН ҮЙ Алматы маңындағы жалдамалы жұпыны времянка. Талай қаймана қазақ бастан кешіп жатқан сұрықсыз өмір. Тар үй ылғал қабырға, жарық көмескі түскен квартира. Кіре берісте тамақ ішіп, балалар сабақ оқиды. Арғы бөлмеге күн түспейді, терезе жоқ. Үнемі көмескі😞 Дегенмен, бұл отбасына ол бөлменің жарық-қараңғысы бәрібір. 5 баланың үшеуі мүгедек, анасы Айжан зағип. Күтпеген жол-көлік оқиғасы кезінде көліктің артқы салонында отырған ана мен баланың көзіне көліктің әйнек жарықшақтары оқша қадалыпты. Жанары солған әйелді күйеуі қажет етпей тастап кетті, 10 жыл келін болып түскен жері бас тартты. Осылайша, бір кезде қызмет, мансап, бақытты отбасы бәрі болған Айжан бір-ақ сәтте бейшара күйге түсті😔 Тар үйде 6 адам, оның 4-і жарымжан. Құдай басқа салмасын, бұл әулеттің қиын күндері артта қалсын деп тілейік✊ Мұқтаж отбасына азын-аулақ азық, жылы киім алып, садақаға көпшілік атынан бір қой сойып бермек ойымыз бар. Шын мұқтажды қолдаймын десеңіз, қосылыңыз! Сенбілік сауапты іс жалғасуда✊🙏 Сбор жабық‼️‼️‼️Азық-түлік пен дәрі-дәрмекке қажетті қаражат жиылды!

April 10, 2022

Similar accounts

justking31

6.8m followers

@justking31
aidyn_nury

4.2m followers

@aidyn_nury
sadvakasovamadina

4.1m followers

@sadvakasovamadina
oksukpaevak

3.8m followers

@oksukpaevak
eldos_kalabok

3.2m followers

@eldos_kalabok
zheka_fatbelly

3m followers

@zheka_fatbelly
territima

2.9m followers

@territima
dana_yesseyeva

2.8m followers

@dana_yesseyeva
djurinskaya

2.7m followers

@djurinskaya

Disclaimer

The data provides is not authorized by TikTok. We are not an official partner of TikTok.

Use of materials from the resource is permitted only with a link to our resource.

Contact

office@insiflow.com

Copyright © 2024 insiflow.com