@ann_2905

Anna Danchenko

Kazakhstan

Instagram posts and videos uploaded by ann_2905

ann_2905

ӘКЕМНІҢ АРМАНЫН ОРЫНДАДЫМ 🚙 Әкем Арал қаласында туып-өскен. Ұлы Отан соғысы аяқталып, қарапайым халық енді-енді басын көтере бастаған кез. Әсіресе, балалық шағы сұрапыл жылдармен тұспа тұс келген балаларға оңай болмады. Таңның атысы, күннің батысы үлкендерден қалыспай тер төкті. Шыны керек, барлығына тәртіп қатты, талап күшті болды. Әкем ерте есейді. 14 жасынан бастап жұмыс жаса бастады. Өз әкесінен ерте айырылып, ер азаматтың барлық міндеттерін өз мойнына алды. Бір күні көрші баланың қолынан көк түсті ойыншық көлікті көріп қалады. Ойыншық ойнайтын жаста болмаса да, оған қызығып қараған екен: “Мен де осындай көліктің иесі болсам ғой, бірақ шынайы үлкен көлігім болса ғой”, - деп әлгі балаға айтқан екен. Уақыт өтті. Әкем үйленді. Үш баласы дүниеге келді. Бірақ қанша жұмыс істесе де автокөлік алатындай жағдай болмаған. 😞 Анама да айтқан екен балалық арманы туралы. Өкініштісі, сол көк көлік арман болып қалды. Бізде ешқашан көлік болмаған. Бар тапқандарын әке-шешем бізге, балаларына жұмсады, оқытты-тоқытты. Бұл әңгімесін Әкем осы келгенде ғана айтты. Сөйтіп, араға бірнеше күн салып @kiaqazaqstan маған жаңа KIA K 5 көлігіне тест-драйв өткізуге ұсыныс жасады. Ал, енді автосалонға барып ұсынылған көліктің түсі көк екенін көрген кезде қатты таң қалдым. 😍💙✅ Анама алтын білезік сыйлап, әкемді қалай қуантсам екен деп жүргенде - бұл үлкен тосын сый болды. 🔥 Әкемді алдынғы орындығына отырғызып, Анашым екеуін кешке Медеуге апардым. Әкемнің сондағы сезімін, көз жасын айта алмаймын 😭 Бала-арман! Көп нәрсе есіне түсті-ау деймін! ))) Өзі өмірінде рөлге отырмаған. Бірақ жаңа автокөліктің ішінде отырып, жан-жағына қарап, соңғы технологияларына таң қалып үйге риза болып қайтты. 💙 Дәл осылай, KIA K 5 пен бірге әкемнің кішігірім арманын орындадық. 🤲🏻 Тест-драйв жақсы өтті, көлікті автосалонға апарып тастадым, бірақ әкемнің эмоциясы есінде мәңгі қалатыны сөзсіз. 🙏🏼 Іші өте кең, жайлы, үлкен кісілерге отыруға ыңғайлы. ✅ Сыртықы дизайн, салон, қауіпсіздік ... тізбектеп айта берсең артықшылықтарымен ерекшеліктері өте көп. Ал, Сіздерге қалай? @kiaqazaqstan KIA автокөліктеріне көзқарасыңыз қалай? Көк смайликтеріңізді күтем! 🚙💙🇰🇿🌎

August 25, 2021

ann_2905

4 SEZON FOREVER 🔥 Сіздерге қай қатысушы ұнайтын еді? Соңғы жаңалықтардан: - Бота шашын қараға бояған. - Шынғыс басқа қалаға көшейін деп жүр. - Гаухар жаңа маусымға үміткер болып барсам бе дейді. - Гүлмира жұмысқа тұрған, үй тұрғызып жатыр. - Біржан мен Алтынай бірге. Анна ханым оларды көргеніне өте-өте қуанышты 😉❤️

August 20, 2021

ann_2905

“АНАШЫМ-ЖӘННӘТІМ” ❤️ Бізді, үш баласын, асыраймын деп әке-шешім күні-түні жұмыс жасағаны есімде. Өздеріне алмай, барлық нәрсені біздерге алып беретін. Анам әшекей-бұйым, алтындарын жаңартпақ түгелі, бір киімді жылдап киетін. Азық-түлікке әрең дегенде қаражат жеткізіп жүрген заман-ай! Ол жылдарда барлық отбасыларға қиын болды. Ал, енді Ата-анамызды қуантатын кезек бізге келді. Кеше өзімнің арманымдағы білезікті Анама сыйладым. Күміс, алтын жалатылған. Көзіне ота жасалу керек деп уайымдап, көңіл-күйі болмай жүр еді. Кеше Медеуге апарып, бір сәт қуантайыншы дедім 😌 Анашым-Жәннәттім, өмір жасыңыз ұзақ болсын! 🤲🏻 Барымызды бар кезде бағалайық! Қуаныш, бақыт сыйлауға асығайық! 🌷 Әдемі бұйымдар @zerger.co ✅- 24 айға % сіз бөліп төлеу мүмкіндігі бар , РЕД бар. ✅- Анна промокодымен жеңілдік беріледі. ✅ - Сапасына 3 жылға кепілдігі бар сертификат беріледі. ✅ - ҚР бойынша жеткізу қызметі бар әрі тегін

August 20, 2021

ann_2905

Қош, “Бір болайық”! 🙌🏼 Иә, мен бұдан былай Сіздердің сүйіп тамашалайтын жобаларыңызды жүргізбеймін. Ол - өзімнің қалауым және таңдауым. ❤️ Бұл жоба - мен үшін үлкен мектеп, тәжірибе болды. Үшінші маусымның соңғы айларымен төртінші маумымды толықтай жүргіздім. Көптеген жақсы адамдармен таныстым, ғашықтардың қосылып, отбасылы болуына да себепкер болдым деп ойлаймын. Әрине, төрт сағат тікелей эфир жүргізу - оңай емес. ТВ саласында 15 жылдық тәжірибем болса да, әр адамның ішкі жан-дүниесіне жол таба білу де үлкен еңбек. Шүкір, ата-анамның берген тәрбиесі мен өмірлік мектеп, жақсы ұжым мен мықты әріптестер бұл бағдарламаға тез сіңісіп кетуіме көмектесті. 👏 Я ухожу с проекта, но оставляю там частичку своей души потому, что быть телеведущей, это не просто наличие приятной внешности, зананий, опыта, но это еще и душа. Я всегда была и остаюсь настоящей. Я никогда не играла в игры и не притворялась. 😌 Мен сценарий бойынша жұмыс жасамадым. Мен бұл жобаны жүрегіммен ақылға салып жүргіздім. Бәрі шынайы болды. Күлгенім де, жылағаным да - бәрі шынайы. Мен де осы шынайлықты жоғалтпауға тырыстым. Бәлкім сіздер, көрермендер, соны сезген боларсыздар. Қаншама адамдар жылы лебіз, тілектерін білдіріп, жолдап жатыр. Сіздерге көп рақмет! Алла разы болсын! Бірақ, әр нәрсенің өз уақыты бар. Теперь я хочу уделять больше времени семье и себе. 😍🏠 Но, это не говорит о том, что я с вами прощаюсь. Впереди другие проекты и покарение новых высот. Я Вас крепко обнимаю и Люблю! Ценю Ваше внимание и чувствую Вашу поддержку! 🙏🏼 Барлық көрермендеріме айтар алғысым шексіз! Алар асулар әлі алда. 🤲🏻 Алла қаласа, әлі талай рет эфир арқылы жүздесіп, “Мен сіздерді көргеніме ӨТЕ-ӨТЕ қуаныштымын” деп айтамын! ❤️❤️❤️

August 15, 2021

ann_2905

🌷🌷🌷 1.Әйелді табағынан байқа,баланы талабынан байқа. 2.Шешесін ұқпайтын, әкеден ықпайтын ұл болмайды. шешеге тартпайтын ,әкеге жүк артпайтын қыз болмайды. 3.Қыз бақыты – қырық құрақ. 4.Қой баққанға ат таңдатпа,тіс қаққанға қыз таңдатпа. 5 .Әйелге ана,балаға дана деп қара. 6.Қыз баланың қымбаты мен қимасы ұяты мен ибасы. 7.Қызда қылық жоқ деме,момында былық жоқ деме. 8.Әр әйелде болады мың сан қылық,қылықтың ең жаманы жасандылық. 9.Кербез қыз қартайғанын сезбейді. 10.Жақсы әйелдің баласы да күтулі,жұмысы да бітулі. 11.Әйелін сыйлаған,үйін сыйлаған,елін де сыйлай біледі. 12.Шешек атпай тұрғанда,гүл сұлуы білінбес. Сырын ашпай тұрғанда,қыз сұлуы білінбес. 13.Аналар туып жатқанмен, даналар күнде келмейді. 14.Жақсы болса алғаның үйіңнен,кісі кетпейді, Жаман болса алғаның шын досың да шеттейді. 15.Қатын көп болса,шөмішті ит жалайды. 16.Ердің жақсысы елімен ойласады,әйелдің жақсысы ерімен ойласады. 17.Жалғыз қаздың үні шықпас,жалғыз қыздың мұңы шықпас 18.Тауықты тойындыра алмайсың,қызды киіндіре алмайсың. 19.Жақсы келін құрдасыңдай болар,жақсы ұлың сырласыңдай болар. 20. Суды құм бөгейді,дауды қыз бөгейді. 21.Ердің асылы күшінен білінеді,әйелдің асылы ісінен білінеді. 22.Жақсы қатын жүн қарыз алады,жаман қатын су қарыз алады. 23.Білімді әйел басыңа қарайды,білімсіз әйел жасыңа қарайды. 24.Жаман қатын байына,жалғыз атын сойғызар, Жақсы қатын жолдасын,жоқтан құрап тойғызар. 25.Екі қатын алғанның,құлағы тынбас. Есекке мінгеннің,аяғы тынбас. 26.Ай мінбей атыңды мақтама,жыл тұрмай қатыныңды мақтама. 27.Атың жебір болса,Құдайдың бергені. Қатының жебір болса,Құдайдың ұрғаны. 28.Әйел жерден шыққан жоқ,О да еркектің баласы. Ерлер көктен түскен жоқ,Әйел оның анасы. 29.Ауылдасың жақсы болса,ағайының не керек. Алғаның жақсы болса,айтың, тойың не керек. 30.Салақ қатынның үйінен,сабақты ине табылмас. 31.Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,түбі жоқ сырлас. 32.Асығу- баланың ісі,Аттандыру-ананың ісі. 33.Атадан ұл қалса,өзі қалғаны Қыз қалса ,ізі қалғаны. 34.Алты ұл туған ананы,ханым десе болады. Кезек сыйласқан ағайынды,жаным десе болады. Атадан қалған асыл сөздер .

August 04, 2021

ann_2905

ШҮКІР 🤲🏻 Қайғысыз өткен күндерің үшін, Жер басып тірі жүргенің үшін. Жақсылықтар мен жамандықтардың, Не екендігін білгенің үшін Шүкір ет бауырым Аллаға. Уайымсыз ішкен ас-суың үшін, Сауықпен өткен жастығың үшін. Қимайтын әркез бауырластық пен Үзілмес мәңгі достығың үшін Шүкір ет бауырым Аллаға. Соғыссыз ашық аспаның үшін, Қара жер үстін басқаның үшін. "Өмір" дейтін бұл үлкен кітаптың Беттерін сенде ашқаның үшін Шүкір ет бауырым Аллаға. Шаттық пен бақыт көргенің үшін, Мұң менен зарды жеңгенің үшін. Әкеңнің айтқан ақылын тыңдап, Анаңның сүтін емгенің үшін Шүкір ет бауырым Аллаға. Шуаққа толы таңдарың үшін, Мұратқа бастар арманың үшін. Адам боп келіп мына фәниге, Адам боп қана қалғаның үшін Шүкір ет бауырым Аллаға. Тоқтаусыз аққан әр аптаң үшін, Жылдар мен күндер, сағаттар үшін. Ақыл мен сана, ой-өріс беріп, Хайуаннан артық жаратқаны үшін Шүкір ет бауырым Аллаға. Маңдайға жазған тағдырың үшін, Деніңнің аман-саулығы үшін. Шүкір ет бауырым Аллаға сен Барлығы үшін, барлығы үшін.

August 02, 2021

ann_2905

АЗ УАҚЫТ ҚАЛДЫ ... ⏳ Эфирге де, бірақ әңгіме ода емес. 😌 Шынымды айтсам, қатты уайымдап, қобалжып жүрмін. Күні-түні тек соны ойлап. Қалай болар екен ? Аллаh Тағала сол күнге аман-есен жеткізсе екен деп тілеймін 🤲🏻 Ол қандай күн деп ойлайсыздар? 🌷

July 30, 2021

ann_2905

💝 “Құстың қанаты қатты болғанымен - мойыны бос, Жылқының тұяғы қатты болғанымен- белі бос, Адамның мінезі қатты болғанымен-көңілі бос" деген екен ата-бабамыз. Құс мыңдаған шақырым ұшқанда оның қанаты емес мойыны талады екен, Жылқы мыңдаған шақырым шапса да аяғы емес белі талады екен, Адам байғұс пенде емес пе болмашы нәрседен көңілі қалады екен”. Бұл өмірде ең бастысы бір-біріміздің көңілімізді табайық. ☝️😌

July 25, 2021

ann_2905

ДРУЖБА 💚 С Мирой мы дружим около 15 лет. Она знает меня еще со студенчества в Актобе. Как-то меня пригласили на кастинг ведущей новостей на региональный телеканал “Рика ТВ”. Помню, как она, будучи стилистом и мастером по волосам, посадила меня у зеркала и улыбаяь сказала: “Легким движением руки девочка превращается в элегантную женщину” ))) 🤣 Я была в шоке))) Меня, молоденькую девочку превратили в серьезную тетю, читающие серьезные новости. Кастинг я прошла, но потом отказалась, не мое это было, зато ... я стала ведущей утренней программы☀️Но и тут Мира от меня не отстала 😅🤛🏼 Руководство канала поручило ей перекрасить меня в светлый цвет, то есть сделать из меня блондинку 🤦🏻‍♀️🤦🏻‍♀️🤦🏻‍♀️ Помню, как она колдовала над моей головой часов 6 и в итоге я более менее стала похожа на русскую девушку 🤣, при этом говорящую на казахском языке. Так было нужно для телеканала. Я долго не могла к себе такой привыкнуть, но потом позже все-таки вернула свой цвет волос 😌🕊 Мира старше меня и многие думают как это возможно дружить?! Вроде как жизненный опыт, взгляды на жизнь другие, но мне с ней очень комфортно, она мне как старшая сестра, наставница. Мы впервые на отдыхе вместе и это было здорово. В дружбе, как в любви главное - встретить своего человека ✅❤️ И да, больше я ей свои волосы не доверяю) кім біледі, что ей там захочется с ними сделать 🤣😍😘 @mira_yeleuova

July 23, 2021

ann_2905

🥀 “Наверное, самое главное - проводить время с теми, кто честно хочет проводить его с тобой”. @ Зверополис

July 23, 2021

ann_2905

АРАЛ ... 💛 емес, бұл Түркия. Бірақ, мен енді-енді қарая бастадым. Жалпы, жазда демалысқа қайда барсам да дұрыстап “загар” алмайтынмын. Ал, ауылда жүрсем, үйден базарға дейін жаяу барып келсем қап-қара қыз болып кететінмін. Бұл жолы күн сәулесі мені еркелетті☀️ Сіздерге байқалады ма? 😌

July 20, 2021

ann_2905

💚💚💚 Главные правила в отпуске: - не набрать лишних кг; - надеть все наряды и сфоткаться; - загореть; -выспаться; -дочитать Книги; ... что бы Вы ещё добавили ? ))) 🏖 Қай сурет ұнады ??? 1-2-3-4-5-6-7-8?

July 19, 2021

Similar accounts

justking31

6.8m followers

@justking31
aidyn_nury

4.2m followers

@aidyn_nury
sadvakasovamadina

4.1m followers

@sadvakasovamadina
oksukpaevak

3.8m followers

@oksukpaevak
eldos_kalabok

3.2m followers

@eldos_kalabok
zheka_fatbelly

3m followers

@zheka_fatbelly
territima

2.9m followers

@territima
dana_yesseyeva

2.8m followers

@dana_yesseyeva
djurinskaya

2.7m followers

@djurinskaya

Disclaimer

The data provides is not authorized by TikTok. We are not an official partner of TikTok.

Use of materials from the resource is permitted only with a link to our resource.

Copyright © 2024 insiflow.com