@gibratty_angimeler

Ислам жайлы шын жүректен

Kazakhstan
Біздің ең үлкен қателігіміз де осы жерде екен ғой.😔😞😞
Біз Алладан бірдеңе сұраймыз, бірақ сенімсіздікпен, селқостықпен...
Ішімізде бірдеңе: «әй, енді ертең орындала қалады дейсің бе, бірақ әйтеуір сұрай берейінші» деп тұрады. Себебі, ол нәрсенің әйтеуір бір керек екенін білеміз. ☝ Ал негізі... Негізі біз Құдайдан осы нәрсе дәл қазір не ертең орындалады деп 100% сенімді түрде сұрауымыз керек. Неге дейсіз бе?
Себебі, сіз мұны анаңыздан, ағаңыздан не көршіңізден сұрап тұрған жоқсыз ғой? Сіз мұны бүкіл әлемнің Иесінен сұрап тұрсыз. Олар адам болған соң, сізге «жарайды» деп алып, бір сағаттан кейін ұмытып кетуі мүмкін. Не ауырып қалып, сізге берген уәдесі жайында қалуы мүмкін. Адам болған соң ұмытады, қателеседі. ❓Ал Алла ше❓

Алла ешқашан ауырмайды ғой?! Алла ештеңені ұмытпайды, ешнәрсені қаперінен тыс қалдырмайды. Алла бір секунд та қалғымайды, мүлде ұйықтамайды. Ол сізді анаңыздан да артық жақсы көреді емес пе? 
Ендеше, ол сізге қалай жақсылық бермесін? Ол сіздің жағдайыңызды көріп тұр, айтқандарыңызды естіп тұр🤲

Олай болса, ең алдымен Алла туралы ойымызды түзейікші.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі, - 
деп Абай айтқандай, жүрегіміздегі лас ойлардан арылайықшы. Сөзсіз, Алла бізге береді. Себебі, құдси хадисте Алла Тағаланың Өзі былай деген:
👇👇👇
«Менің құлым Мен туралы қалай ойласа, Мен сондаймын. Егер ол Мен туралы жақсы ойда болып, жақсылық күтсе, Мен оны оған беремін. Ал Мен туралы жаман ойлап, жамандық күтсе, оны да оған беремін»
أَنَا عِنْدَ ظَنِّ عَبْدِي بِي ، إِنْ ظَنَّ خَيْرًا فَلَهُ ، وَإِنْ ظَنَّ شَرًّا فَلَهُ 
Ибн Хиббан (2/405), Ахмад (9065)
( асыл арна)
_______________________
.
#ғә #ғибраттыәңгіме #ислам #xадис #куран #құран #муслим #мұсылман #қарағанды #қостанай #петропавл #павлодар #нұрсұлтан #көкшетау #өскемен #семей #алматы #талдықорған #түркістан #шымкент #тараз #қызылорда #жезқазған #атырау #маңғыстау #ақтау #ақтөбе #орал
@gibratty_angimeler

Біздің ең үлкен қателігіміз де осы жерде екен ғой.😔😞😞 Біз Алладан бірдеңе сұраймыз, бірақ сенімсіздікпен, селқостықпен... Ішімізде бірдеңе: «әй, енді ертең орындала қалады дейсің бе, бірақ әйтеуір сұрай берейінші» деп тұрады. Себебі, ол нәрсенің әйтеуір бір керек екенін білеміз. ☝ Ал негізі... Негізі біз Құдайдан осы нәрсе дәл қазір не ертең орындалады деп 100% сенімді түрде сұрауымыз керек. Неге дейсіз бе? Себебі, сіз мұны анаңыздан, ағаңыздан не көршіңізден сұрап тұрған жоқсыз ғой? Сіз мұны бүкіл әлемнің Иесінен сұрап тұрсыз. Олар адам болған соң, сізге «жарайды» деп алып, бір сағаттан кейін ұмытып кетуі мүмкін. Не ауырып қалып, сізге берген уәдесі жайында қалуы мүмкін. Адам болған соң ұмытады, қателеседі. ❓Ал Алла ше❓ Алла ешқашан ауырмайды ғой?! Алла ештеңені ұмытпайды, ешнәрсені қаперінен тыс қалдырмайды. Алла бір секунд та қалғымайды, мүлде ұйықтамайды. Ол сізді анаңыздан да артық жақсы көреді емес пе? Ендеше, ол сізге қалай жақсылық бермесін? Ол сіздің жағдайыңызды көріп тұр, айтқандарыңызды естіп тұр🤲 Олай болса, ең алдымен Алла туралы ойымызды түзейікші. Іштегі кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі, - деп Абай айтқандай, жүрегіміздегі лас ойлардан арылайықшы. Сөзсіз, Алла бізге береді. Себебі, құдси хадисте Алла Тағаланың Өзі былай деген: 👇👇👇 «Менің құлым Мен туралы қалай ойласа, Мен сондаймын. Егер ол Мен туралы жақсы ойда болып, жақсылық күтсе, Мен оны оған беремін. Ал Мен туралы жаман ойлап, жамандық күтсе, оны да оған беремін» أَنَا عِنْدَ ظَنِّ عَبْدِي بِي ، إِنْ ظَنَّ خَيْرًا فَلَهُ ، وَإِنْ ظَنَّ شَرًّا فَلَهُ Ибн Хиббан (2/405), Ахмад (9065) ( асыл арна) _______________________ . #ғә #ғибраттыәңгіме #ислам #xадис #куран #құран #муслим #мұсылман #қарағанды #қостанай #петропавл #павлодар #нұрсұлтан #көкшетау #өскемен #семей #алматы #талдықорған #түркістан #шымкент #тараз #қызылорда #жезқазған #атырау #маңғыстау #ақтау #ақтөбе #орал @gibratty_angimeler

August 25, 2021

Disclaimer

The data provides is not authorized by TikTok. We are not an official partner of TikTok.

Use of materials from the resource is permitted only with a link to our resource.

Copyright © 2024 insiflow.com