@bayannurmysheva

БАЯН НҰРМЫШЕВА️️️️

Unknown
class="content__text"
 Бүгін қандай күн?

Байтілеу мен Бану екеуін ата-аналары келісіп 15-жастарында үйлендірген.
Екеуінің отасқанына біраз жылдар өтіп,2-ұл👬,6-қыз 👭тәрбиелеп ,қазір тағы бір 👶 сәбилерін күтуде.

Бірақ Банудың денсаулығы алаңдатарлық. 
Дәрігерлер: "не анасы,не сәбиі аман қалатын болар,біреуін аман алып қалсақ" - ,деп ойландырып қойған еді.
Ауылдастар соған алаңдап,соңғы айда емханаға түскен Банудың отбасына қамқорлықпен,бірі ыстық таба нанын құшақтап келсе,тағы бірі балалардың көңілі көтеріліп қалар деп қолдарына дәмді-тәттілерін құшақтай келеді.Ол кездегі адамдар ерекше мейірбан еді.

31-желтоқсан барша адамзат 🎄 жаңа- жыл қарсы алуға әзір болса,Бану екі өмірдің арасында біраз қиналды.
Сағат 23:20кезінде дүниеге қыз бала келеді.Анасының да жағдайы шүкір,жақсы.

Байтілеу ауылына сүйіншілеп келді.Кешкі шайларын бала-шағасымен улап -шулап ішіп,есім қоюға кіріседі.Әртүрлі есімдер айтылып жатыр.Бірақ Байтілеу үндемей тыңдап отырып,соңында бұл қызымның аты - "БАЯН" болады деді.
Оның себебі соңғы айда ауыл клубына келген "Қозы көрпеш-Баян сұлу " киносының әсері еді.

Баян ақырындап өсіп,тәй-тәйлап құлап-тұрып жүруді үйренді.Сәл өсіп,әнге ,домбыра,гитара,музыка,өнер әлеміне ғашық болды.

Сол Баян бүгін 40-ыншы жаңа жылын қарсы алмақшы.Әлі сол құлап-сүрініп,қайта тұрып өмір сүруде.Бірақ өмір деген ауқымды,салмақты жолда -БАҚЫТТЫ.

Айтпағым бұл туған күн -менің еңбегім емес.
Ең алдымен-жаратушыға,ата-анама,барша жанашырларыма алғыс айтуға міндетті күн деп есептеймін.
Жанымның сырын,мұңын,шығармашыл жүрегімді түсінетін өмірлік жолдасыма @erlan_orynbasarov 
үлкен алғыс❤❤❤
Шалыс кетсем түзетіп әлек болатын барша жанашыр оқырмандарым,сіздерге мың алғыс❣
Баршаңызға бақыт тіледім🤲🫂

class="content__text" Бүгін қандай күн? Байтілеу мен Бану екеуін ата-аналары келісіп 15-жастарында үйлендірген. Екеуінің отасқанына біраз жылдар өтіп,2-ұл👬,6-қыз 👭тәрбиелеп ,қазір тағы бір 👶 сәбилерін күтуде. Бірақ Банудың денсаулығы алаңдатарлық. Дәрігерлер: "не анасы,не сәбиі аман қалатын болар,біреуін аман алып қалсақ" - ,деп ойландырып қойған еді. Ауылдастар соған алаңдап,соңғы айда емханаға түскен Банудың отбасына қамқорлықпен,бірі ыстық таба нанын құшақтап келсе,тағы бірі балалардың көңілі көтеріліп қалар деп қолдарына дәмді-тәттілерін құшақтай келеді.Ол кездегі адамдар ерекше мейірбан еді. 31-желтоқсан барша адамзат 🎄 жаңа- жыл қарсы алуға әзір болса,Бану екі өмірдің арасында біраз қиналды. Сағат 23:20кезінде дүниеге қыз бала келеді.Анасының да жағдайы шүкір,жақсы. Байтілеу ауылына сүйіншілеп келді.Кешкі шайларын бала-шағасымен улап -шулап ішіп,есім қоюға кіріседі.Әртүрлі есімдер айтылып жатыр.Бірақ Байтілеу үндемей тыңдап отырып,соңында бұл қызымның аты - "БАЯН" болады деді. Оның себебі соңғы айда ауыл клубына келген "Қозы көрпеш-Баян сұлу " киносының әсері еді. Баян ақырындап өсіп,тәй-тәйлап құлап-тұрып жүруді үйренді.Сәл өсіп,әнге ,домбыра,гитара,музыка,өнер әлеміне ғашық болды. Сол Баян бүгін 40-ыншы жаңа жылын қарсы алмақшы.Әлі сол құлап-сүрініп,қайта тұрып өмір сүруде.Бірақ өмір деген ауқымды,салмақты жолда -БАҚЫТТЫ. Айтпағым бұл туған күн -менің еңбегім емес. Ең алдымен-жаратушыға,ата-анама,барша жанашырларыма алғыс айтуға міндетті күн деп есептеймін. Жанымның сырын,мұңын,шығармашыл жүрегімді түсінетін өмірлік жолдасыма @erlan_orynbasarov үлкен алғыс❤❤❤ Шалыс кетсем түзетіп әлек болатын барша жанашыр оқырмандарым,сіздерге мың алғыс❣ Баршаңызға бақыт тіледім🤲🫂

January 16, 2023

Disclaimer

The data provides is not authorized by TikTok. We are not an official partner of TikTok.

Use of materials from the resource is permitted only with a link to our resource.

Copyright © 2024 insiflow.com